428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Ресейде антирекорд орнады

  • 333
Коронавирус: Ресейде антирекорд орнады Ведомости

Соңғы тәулікте елде коронавирустан 174 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл пандемия басталғалы елде қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Жалпы Ресейде 807 адам инфекцияның құрбанына айналған. Сондай-ақ кеше тағы 8 915 тұрғыннан індет анықталды. Ресей әлем бойынша індетті жұқтырғандар тізімінде АҚШ-пен Бразиялиядан кейінгі үшінші орында тұр. Тағы бір ақпар. Жедал штабтың мәліметіне сай, кеселден айығып шыққандар саны да рекордтық көрсеткішке жеткен. Соңғы тәулікте 12 331 адам ауруханадан шықты. Оның қатарында Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бар.

Хабар 24 телеарнасы