405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта төтенше жағдай тәртібі 30 маусымға дейін ұзартылды

  • 152
  • UPD: 08:46, 27.05.2020
Таиландта төтенше жағдай тәртібі 30 маусымға дейін ұзартылды

Таиландта төтенше жағдай тәртібі тағы бір айға, яғни, 30 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені билік коронавирустың екінші толқынынан қауіптеніп отыр. Оның салдары біріншісінен де ауыр болуы мүмкін деген үрей бар. Десе де, билік бұған дейін карантинді біртіндеп жеңілдете бастаған. Қазір соның екінші кезеңі жүріп жатыр. Айта кеткен жөн, Таиландта вирусты жұқтырудың алғашқы дерегі 13 қаңтарда тіркелген болатын. Қазір расталған оқиғалар саны 3 мыңнан асады. 2900-ден астам науқас айығып шыққан. 57-сі көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы