417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коломбода күндізгі коменданттық сағат алынып тасталды

  • 192
Коломбода күндізгі коменданттық сағат алынып тасталды

Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында бірнеше айдан бері алғаш рет күндізгі коменданттық сағат күшін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда мейрамханалар және дәмханалар ашылып, көптеген кәсіпорын жұмысын бастады. Қалада бір ауданнан екінші ауданға қатынауға рұқсат етіліп, шаһар көшелері мен базарларда адам қарасы көбейді. Бірақ елде мектептер мен жоғары оқу орындары және кинотеатрлар әлі ашылмаған. Айта кетйік, Шри-Ланкада коронавирустың таралуына байланысты 20 наурыз күні жалпыұлттық коменданттық сағат енгізіліп, 20 сәуірде Коломбодан басқа аймақтарда тәртіп жеңілдетілген еді.

Хабар 24 телеарнасы