415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда 200-ге жуық колумбиялық әуежайда өмір сүруге мәжбүр

  • 369
  • UPD: 08:54, 27.05.2020
Бразилияда 200-ге жуық колумбиялық әуежайда өмір сүруге мәжбүр

Бразилияда 200-ге жуық колумбиялық бір аптадан бері елдеріне орала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған коронавируске байланысты елде орнаған күрделі жағдай себеп. Бірнеше күн бойы бөтен елде тұрақтауға тура келген азаматтар қазір ақшасыз қалған. Сондықтан жолаушылар әуежай ғимаратында өмір сүруге мәжбүр. Арасында мигранттар мен студенттер де бар.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Бразилияда 376 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 24 мыңға жуық азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы