420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаһандық жылыну. Әлемді аптап ыстық шарлап жүр

  • 385
  • UPD: 12:21, 27.05.2020

Үндістанның орталық бөлігіндегі Махараштра штатында қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені осы аптаның соңына дейін мұнда күн қатты ыстық болмақ. Алдағы уақытта елдің солтүстік өңірлерінде де аптап болады деп болжанып отыр. Осы ретте мамандар халыққа мүмкіндігінше сыртта көп жүрмеуге кеңес берді.

Арктикада да күн қатты жылынып, ауа температурасы 30 градусқа дейін жеткен. Мамандар «оған Сібірден келген антициклон себеп», дейді. Аптап әлемнің тағы қай өңірлерінде тіркелді?

Австралияда қазір қыс маусымы. Ауа температурасы 20 градустан аспайды. Алайда, бірер айдан кейін жаз келіп, жылдағыдай аптап басталуы мүмкін. Бұл қауіпті кезең. Мамандар күннің ыстығынан көз жұмған австралиялықтардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін деп алаңдайды. Ресми ақпарат бойынша соңғы 11 жылда елде аптаптан 340 кісі өлімі тіркелген. Алайда, мамандардың жүргізген статистикалық сараптамасы бұл деректің 36 мыңнан асып кеткенін көрсеткен. Егер бұл дерек расталса, өлім көрсеткіші 100 есе жоғары болуы мүмкін. Ғалымдар «бұл жаһандық жылынудың салдары», дейді.

Арнагретта Хантер, Австралия ұлттық университетінің өкілі:

- Егер атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері азаймаса, 2080 жылға таман Австралия қалаларында аптаптан көз жұму оқиғалары кемі 4 есе артуы мүмкін. Біз қазіргі ресми статистка мен шынайы сандар арасында үлкен айырмашылық барын анықтадық. Мәселен, адам  демікпеден көз жұмды делік. Алайда оның ауруын орман өртінің түтіні қоздырып жіберді деп жазылмайды ғой. Ал орман өрті күннің қатты ысып кетуі салдарынан пайда болады.

Еврей ғалымдары «Израильдегі аптап та климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін», дейді. Синоптиктер елде қайтадан аномальды ыстық оралып, өткен аптадағы жағдай қайтаналады деп отыр. Ол кезде кей өңірде ауа температурасы 48 градусқа дейін жеткен. Сондықтан көбі жағажайдан сая іздейді.

Блиц 1:

Күннің ыстығы коронавирустың көзін жойса екен."

Блиц 2:

Израильдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Сондықтан күн ыстықта халықтың үйде емес, жағажайда жатқаны жақсы ғой.

Өзбекстанда да қазір күн шыжып тұр. Синоптиктер «аптап аптаның соңына дейін сақталады», дейді.

Ресейдің Омбы облысының тұрғындары былтыр мамырда күннің суығына шағымданса, биыл керісінше көктемнің соңғы айы ерекше ыстық болды. Алайда, алдағы күндері аномальды аптап орнына күн қатты суытып, түнде ауа температурасы 0 градустан төмендейді деп болжанып отыр.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Әсел Жаңбыршы

Хабар 24 телеарнасы