412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан билігі «Талибан» ұйымының 900-ге жуық өкілін бостандыққа шығарды

  • 119
  • UPD: 14:15, 27.05.2020
Ауғанстан билігі «Талибан» ұйымының 900-ге жуық өкілін бостандыққа шығарды

Ауғанстан билігі абақтыда отырған «Талибан» радикалды ұйымының 900-ге жуық өкілін бостандыққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің бұл әрекеті тәліптердің Ораза айт мерекесі кезінде атыс-шабысты уақытша тоқтату туралы шешіміне байланысты болды. 3 күн бойы уағдаласқан тараптар серті бұзылмағандықтан, Ауған билігі 2000-ға жуық адамды түрмеден шығарамын деген уәдесінде тұрды.

Естеріңізге салайық, 25 мамыр күні түрмеден тағы 100 адам босатылған еді. Енді ел президенті Ашраф Ғани тәліптермен бітімге келу үшін жақын арада бейбіт келіссөз өткізуге ниетті.

Хабар 24 телеарнасы