411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: комадан шыққан Лондон тұрғыны адам танымастай өзгерген

  • 237
  • UPD: 14:56, 27.05.2020
Коронавирус: комадан шыққан Лондон тұрғыны адам танымастай өзгерген

Коронавирус жұқтырған ер адам бір айдан астам уақыт бойы ауруханада жатқан. Осы аралықта ол адам танымастай өзгерген. Лондон тұрғыны 30 келіден артық салмақ тастаған.

Ұлыбританиялық Ким Вай Ли коронавирус инфекциясын жұқтырған. Алты апта бойы аурумен күрескен ол соның екі аптасында жасанды комада жатқан. Осы уақытта ол адам танымастай өзгеріпті, деп жазады New York Post.

43 жастағы ер адам есін жиған бойда айнаға қарап өз көзіне өзі сенбеген.  

Ким Вай Ли 12 наурызда індет жұқтырған. Ауруханаға түскенде оның салмағы 95 келі болса, екі аптада ол 31,5 келі жоғалтқан. Британдықтың айтуынша, оған бұрынғы киімдерінің барлығы үлкен болып қалған.  

«Айнаға қарап өз-өзімді танымай қалдым», – дейді ол.

Лидің сөзіне қарағанда, COVID-19 жұқтырғанға дейін ауыр салмақтан оның қан қысымы жоғары болған. Лондон тұрғыны енді ондай мәселенің жоқтығына қуанышты және осы салмағын сақтап қалмақ.

Хабар 24 телеарнасы