405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда Абай шығармашылығына арналған онлайн конференция өтті

  • 160
  • UPD: 23:44, 27.05.2020

Бішкек қаласында танымал аудармашы Айдарбек Сарманбетовтың  «Абай Құнанбайұлы. Қара сөздері мен поэмалары» атты кітабынің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жинаққа данышпан ақынның ең белгілі туындылары кірген. Интернет-конференцияға қатысушылар ұлы Абайдың ғалам мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтті.

Абай Кұнанбайұлының шығармашылығын қадірлейтін халыққа мыңдаған шақырым қашықтық да бөгет емес. Интернеттің көмегімен бас қосып, данышпан ақынымыздың рухани мұрасын талқылауға мүмкіндік бар. Кемеңгер философтың шығармашылығына арналған онлайн конференция екі сағатқа созылды.

Акбар Рысқұлов ақын:

– Әдетте адам өмірі белгілі бір жылдармен шектелген. Ал кемеңгерлер – мәңгі, өйткені өзінен кейін ұмытылмас мұра қалдырады. Абайдың шығармашылық өмірі жылдан жылға тек өрлей береді деген ойдамын.

Қырғызстан Ұлттық кітапханасының қорында Абай Құнанбайұлының туындылары кірген 64 кітап бар. Бұл – Қазақстан аумағынан тыс жердегі ақын туындыларының ең ірі жинағы. Оқырмандарды Абай шығармашылығымен жақын таныстыру мақсатында ақынның 175 жылдығына арналған көрме ашылды.

Жылдыз Бакашова, Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапхананың директоры:

– Қырғыз тіліне аударылған Абай өлеңдерінің жаңа академиялық жинағына да назар аударғым келеді. Токомбаевтан бастап көптеген қырғыз ақындары Абайдың шығармаларын тәржімелеген, барлық аудармасы жинаққа кірді.

Бұл академиялық жинақ алдағы айларда жарық көреді. Ал Қырғызстанның белгілі әдебиетшісі әрі суретші Айдарбек Сардарбековтың «Абай – қара сөздер мен поэмалар» атты кітабы бір мың дана тиражбен шықты.   

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы