425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ COVID-19 жөнінде жалған ақпаратпен күресті бастайды 

  • 364
БҰҰ COVID-19 жөнінде жалған ақпаратпен күресті бастайды 

БҰҰ коронавирус жөнінде жалған ақпаратқа қарсы күрес науқанын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел топтар әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында жарияланған қауесетті іздеп, оны жоққа шығарады. Ұйымның мәліметінше, халықтың 67 проценті жалған деректің таралуына алаңдаулы, ал жартысы шынайы ақпарат табуға қиналады екен. Бас хатшының ғаламдық байланыс жөнінде орынбасары Мелисса Флемингтің мәлімдеуінше, індет салдарынан қоғамдағы экономикалық пен әлеуметтік жағдай ушыққандықтан, жалған ақпаратпен күрес өзекті болып отыр.

Мелисса Флеминг, БҰҰ бас хатшысының ғаламдық байланыс жөніндегі орынбасары:

– Біз денсаулық сақтау саласында болған ең ауқымды төтенше жағдай кезінде ақпарат таратудағы дағдарысқа тап болдық. Бұл мәлімет жетіспейтіндігіне емес, керісінше тым көп болып кеткеніне байланысты. Нәтижесінде ойдан шығарылған оқиғалар расталған ақпараттан тез тарап кетеді. Бұл денсаулық сақтау саласына зиян келтіріп, адамдардың өміріне қатер төндіреді. Мысалы, әлеуметтік желілерде денсаулыққа қауіпті ем әдісін ұсынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы