426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX компаниясының пилотты Dragon кемесін ұшыру кейінге шегерілді

  • 214
  • UPD: 10:37, 28.05.2020
SpaceX компаниясының пилотты Dragon кемесін ұшыру кейінге шегерілді

SpaceX компаниясына тиесілі Dragon ғарыш кемесін ұшыру кейінге қалдырылды.

Екі ғарышкерді алып Халықаралық ғарыш стансатына аттанатын кеме ұшырылымы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.

Келесі ұшыру уақыты 30 мамырға белгіленген. Бастапқыда ұшыру 28 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:33-ке белгіленген еді. Осы уақыт сақталмаса ғарыш кемесі ХҒС-пен түйісе алмайды. Өйткені станция Жер бетін сағатына 27 мың шақырым жылдамдықпен айналып ұшады. Dragon ғарыш кемесін Falcon 9 зымыран тасығышы АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A старт алаңынан алып ұшуы тиіс болатын. Компанияның алғашқы ғарыш кемесі Dragon-ды ұшыру және оған әзірлеу сәті SpaceX пен NASA сайттарында және әлеуметтік желідегі парақшасында төрт сағат бұрын тікелей эфирде көрсетіле бастады. Экипаж мүшесі Дуглас Херли мен Боб Бенкен бұған дейін екі рет ғарыш миссиясына қатысқан.

BBC

Хабар 24 телеарнасы