417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Чили ауруханалары науқастарды қабылдауға қауқарсыз

  • 236
  • UPD: 13:22, 28.05.2020
COVID-19: Чили ауруханалары науқастарды қабылдауға қауқарсыз

Чилиде коронавирус індеті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы ауруханалар науқастарды қабылдауға қауқарсыз. Мәселен, медициналық мекемелерде бос орын жоқ. Жедел жәрдем қызметінің көліктері сағаттап кезекте тұр. Жансақтау бөлімі де дімкәс жандарға толы.

Айта кетейік, соңғы ақпаратқа сәйкес Чилиде 82 мың 300-ге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 841 тұрғын осы кеселден көз жұмды. Осылайша Чили науқастар саны бойынша Латын Америка елдері арасында Бразилия мен Перуден кейінгі үшінші орынға шықты.

Хабар 24 телеарнасы