425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанда күн 50 градусқа дейін ысыды

  • 581
  • UPD: 23:48, 28.05.2020
Үндістанда күн 50 градусқа дейін ысыды

Үндістанда күн қатты ысып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің солтүстігіндегі Раджастхан штатында ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет астанасы Нью-Делиде термометр бағаны 47,6 градусты көрсетіп, бұл мамырдағы ең ыстық күн болып тіркелді. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар «аптап осы аптаның соңына дейін сақталады» деп отыр.

Мукеш Ядав, сатушы:

- Күн ми қайнатардай шыжып тұр. Бірақ амал жоқ. Жұмысқа шығу керек. Әйтпесе бізге ақшаны кім береді?

Анируд Чоудхари, жүргізуші:

Мен бұл күндері жұмысқа шықпай-ақ қояйын деп шештім. Алайда, бүгін таныстарым көмектесуімді сұрап еді. Енді үйге қайтатын шама жоқ. Көлеңкеде күн батқанын күтіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы