412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның SkyUp әуе компаниясы қаржы қыспағынан шығудың амалын тапты

  • 135
  • UPD: 23:46, 28.05.2020
Украинаның SkyUp әуе компаниясы қаржы қыспағынан шығудың амалын тапты

Украинаның SkyUp әуе компаниясы экономикалық дағдарысқа қарамастан, қаржы қыспағынан шығудың амалын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді компания өзінің кейбір ұшақтарын жүк тасымалдау үшін пайдаланады. Бір ұшақ шамамен 20 тоннадан астам жүк жеткізе алады. Көліктің іші тауар тасымалдау үшін арнайы жабдықталды. Әуе көлігінің тізгінін басқаратын ұшқыштар жұмыссыз қалмағандарына дән риза.

Олег Попович, ұшқыш:

Бұрын жолаушыға жайлы болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынбыз. Ал, енді бортта отырған адам жоқ. Тиелген жүкті аман-есен жеткізу үшін уақыт та аз кетеді. Тек әрине, жолаушылардың жылы лебізі мен қарым-қатынасына ештеңе жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы