419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда жарты жыл ішінде денсаулық сақтау министрі үшінші рет ауысты

  • 416
  • UPD: 12:43, 29.05.2020
Боливияда жарты жыл ішінде денсаулық сақтау министрі үшінші рет ауысты

Боливия президентінің міндетін атқарушы Жанин Аньес елдің денсаулық сақтау министрін тағы ауыстырды.

Бұл жолы бұл жауапты қызметке Эйди Рока тағайындалды.

Unitel арнасының хабарлауынша, осыған дейін министр болған Марсело Навахас пандемия өршіген тұста өкпені желдету аппаратын қасақана қымбат бағамен сатып алуды ұйымдастырған жерінен ұсталған.

Ал Боливия парламентінің спикері Ева Копа аштықпен бетпе-бет ұшырасқан халық карантинді бұзуға мәжбүр екенін мәлімдеді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы