419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда курортты ауыл сатылымға қойылды

  • 409
  • UPD: 14:58, 29.05.2020
Швецияда курортты ауыл сатылымға қойылды CNBC

Жылжымайтын мүлік құны 7 млн долларға бағаланған. Оны шетелдіктер де сатып ала алады.

Швеция астанасына жақын маңда «SPA-ауыл» сатылымға қойылды. Бұл туралы CNBC хабарлайды. Сатра Брунн аумағында әлемдегі ең таза жеті бұлақтың бірі орналасқан.  

Ал оның аумағы – 60 гектар, жанындағы 34 гектар қоса беріледі.

1700 жылы Сатра Брунн аумағында Сэмюэль Скрагге есімді дәрігер бұлақ барын анықтаған. Сондықтан осы жерді сатып алып, үй мен аурухана тұрғызған. Көп ұзамай бұл ауыл әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын мекен болып шыға келді.

Кейіннен елді мекенді жергілікті кәсіпкерлер сатып алып, оны SPA-курортқа айналдырған.

Хабар 24 телеарнасы