427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та тәртіпсіздіктер басылмай тұр

  • 432
  • UPD: 15:46, 29.05.2020
АҚШ-та тәртіпсіздіктер басылмай тұр

АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы ереуілдің де басылар түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға бой алдырғандар көшеде тәртіпсіздік жасады. Өрт сөндірушілер түнімен шаһар көшелеріндегі өрті ауыздықтаумен әлек болды. Жиналған жұртты тарқату үшін Миннесота губернаторы Ұлттық гвардия ұландарын көмекке шақырды. Естеріңізге салайық, халықтың былай ашулануына афро-америкалық Джордж Флойдтың қазасы себеп. Полиция қызметкері оны тұтқындау кезінде жерге жатқызып мойына аяғымен басып тұншықтырып тастаған. Оқиғадан кейін 4 полиция қызметкері жұмысынан босатылды.

 

Хабар 24 телеарнасы