411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда COVID-19-дың таралу қарқыны бәсеңдеді

  • 162
  • UPD: 08:51, 30.05.2020
Германияда COVID-19-дың таралу қарқыны бәсеңдеді

Германияда коронавируспен ауырғандардың саны едәуір азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте ауруды жұқтырудың 352 оқиғасы тіркелді. Жалпы бұл елде 8 мыңнан аса науқас қалды. Үкімет карантин тәртібін жеңілдетуді жалғастырып келеді. Тюрингия федералды өңірінде бүкіл шектеуді алып тастау ұсынылды. Бұл аймақта тек 239 науқас тіркелген және келесі аптадан бастап жергілікті халық қалыпты тіршілігіне оралатын түрі бар. Ал Берлинде мейрамханалар, қонақүйлер мен шаштараздар жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары кинотеатрлар, концерт залдары мен театрлардың ашылуын күтіп отыр. Мәдени мекемелер қонақтарды қабылдауға дайындалып жатыр. Мысалға, театрға келушілер екі орындыққа тең арақашықтықты сақтап отырады.

Оливер Ризе, «Берлин ансамблі» театрының директоры:

- Жақын арада алғашқы қонақтарды қарсы аламыз деген үмітіміз бар. Бұрын халық тығыз отыратын. Енді артық орындықтарды алып тастадық. Келушілер арақашықтықты сақтап, өз орындарына өте алады. Алғашқы спектакльге билет сұрап жатқан адамдар да бар.

Хабар 24 телеарнасы