405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда пандемия салдарынан 1 млн жұмыс орны қысқаруы мүмкін

  • 137
  • UPD: 08:49, 30.05.2020
Италияда пандемия салдарынан 1 млн жұмыс орны қысқаруы мүмкін

Италияда пандемияның экономикалық салдары кесірінен бір миллионға дейін жұмыс орны қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел өнеркәсібінің жалпыға бірдей конфедерациясының басшысы осылай деп отыр. Бұл еңбек нарығындағы болжамдар. Ал, туризмге келсек, биыл бұл саладағы табыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80%-ке аз болуы мүмкін. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15% шамасында. Туристік сектор елде 4 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы одан бөлек, пандемиядан осы Италияда көлік тасымалы да қатты зардап шекті. Ал, сарапшылар алдағы уақытта «қызмет көрсету саласындағы компаниялардың 10%-і жойылып кетуі мүмкін» деген қауіп барын айтады.

Хабар 24 телеарнасы