405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондықтар шектеулерді жеңілдету шараларын қуанышпен қабылдады

  • 162
  • UPD: 08:56, 30.05.2020
Лондондықтар шектеулерді жеңілдету шараларын қуанышпен қабылдады

Лондон тұрғындары биліктің шектеулерді кезекті жеңілдету шараларын қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес енді далада 6 адамға дейін жиналуға рұқсат. Ал 1 маусымнан бастап мектептер ашылады. Футбол ойындары да қалпына келтірілмек. Бірақ олар көрерменсіз өтеді. Тыйымдарды жеңілдету елде дертті жұқтырғандар санының бәсеңдеуіне байланысты қолға алынған. Еске сала кетейік, Ұлыбритания әлемде коронавирустан ең көп зардап шегіп отырған елдің бірі. Мұнда COVID-19-ды жұқтырғандардың қарасы 270 мыңнан асып, дерттен 38 мың науқас қайтыс болған.

Роб Стюарт, дәрігер:

Бұл дұрыс шешім. Себебі көшеде вирусты жұқтыру қауіпі төмен. Індет көбіне ғимараттың ішінде тарайды. Сондықтан биліктің бұл қадамын қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы