418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда бұрынғы әуежай алаңында жаңа аурухана ашылды

  • 189
  • UPD: 09:52, 30.05.2020
Ыстамбұлда бұрынғы әуежай алаңында жаңа аурухана ашылды

Ыстамбұл қаласындағы бұрынғы Ататүрк атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону алаңында жаңа аурухана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жарым айдың ішінде бой көтерген госпиталь коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеумен айналысады. Әуежай былтыр жаңа нысан салынғанына байланысты жабылып, тек жүк ұшақтарын қабылдап келген.

Айта кетейік, Түркия билігі 1 маусымнан бастап індетке байланысты енгізілген бірқатар шектеу шарасы жеңілдетілетінін мәлімеген. Келесі айдан елде мейрамхана мен дәмханалар жұмыстарын жалғастырып, саябақтар мен жағажайлар ашылуы тиіс. Ал ресми дерекке сүйенсек, Түркияда қазірге дейін COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 161 мыңнан асып, дерттен 4,5 мыңға жуық науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы