405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубалықтар қажетті заттарды сатып алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр

  • 127
  • UPD: 12:28, 30.05.2020
Кубалықтар қажетті заттарды сатып алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр

Куба халқы пандемия салдарынан қажетті заттарды сатып алу мәселесі қиындап кеткенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет коронавируспен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Соған қарамастан, билік шектеу шараларын алып тастауға асығып жатқан жоқ. Керісінше, халықты дүкенге бармай, онлайн сауда жасауға шақырып отыр. Алайда, мұнда халықтың аз бөлігі ғана ғаламторды қолданады. Өйткені оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Аралдағы орташа жалақы 45 доллар шамасында. Ал, ғаламтор шығындары он долларға дейін жетуі мүмкін. Одан бөлек, кубалықтардың 40%-інде тіптен ұялы телефон жоқ көрінеді. Сондықтан халық сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.

Блиц 1:

- Ғаламтор арқылы сауда жасау үшін 5 долларға карта сатып алу керек. Бұл біз үшін үлкен ақша. Оның үстіне картадағы ақша көпке жетпейді.

Блиц 2:

- Мен үйде отырып, онлайн тапсырыс беріп қойған едім. Енді заттарымды әкету үшін осында келсем, кейбірі мұнда жоқ болып шықты. Мәселен, тауық еті әлі келмепті. Күтіп тұрғанымызға бірнеше сағат өтті. Онлайн тапсырысты кезек күтпей-ақ бірден әкету үшін жасап едім. Алайда, бәрі керісінше болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы