405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тұтынушылар шығыны 13,6%-ке азайды

  • 127
  • UPD: 13:14, 30.05.2020
АҚШ-та тұтынушылар шығыны 13,6%-ке азайды

АҚШ-та індеттен сәуір айында халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендеп, тұтынушылар шығыны 13,6%-ке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай рекордтық құлдырау 1959 жылдан бері алғаш рет болып тұр. Сауда министрлігінің жариялаған мәліметтеріне қарағанда, тұтынушылар шығыны көлік сатып алудан бастап киім-кешек сынды барлық бағыт бойынша төмендеген. Қызмет көрсету саласында да дәл осындай жағдай қалыптасқан. Мамандар «бұл АҚШ экономикасының ауыр дағдарысты бастан кешіп жатқанын көрсетеді» дейді. Айта кетейік, АҚШ-та тұтынушылар шығыны экономиканың басты қозғаушы күші болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы