405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су электр станциясындағы жарылыстан алты адам көз жұмды

  • 144
  • UPD: 15:15, 30.05.2020
Қытайда су электр станциясындағы жарылыстан алты адам көз жұмды

Қытайдың Юньнань провинциясында су электр станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 6 адам қаза тапты. тағы 5 кісі жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлап отыр. Алдын ала болжам бойынша апат бөгеттің желдетпе ұңғысын лайдан тазалау кезінде болған. Қазір оқиға орнында құтқару-іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Осыған байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы