412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та ереуіл кезінде оқ атылып, бір адам көз жұмды

  • 164
  • UPD: 22:09, 30.05.2020

АҚШ-тың Детройт қаласында полицейлердің бассыздығына қарсы ереуіл қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеру өтіп жатқанда, бәзбіреулер көліктен оқ атып, ізін суытқан. Салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды. Қазір Құрама Штаттардың 10 қаласында толқулар өтіп жатыр.

Жұрттың дүрлігуіне 25 мамырда Миннеаполисте болған оқиға себеп. 46 жастағы афроамерикалықты тұтқындау кезінде полицейлердің бірі оны 7-8 минут мойнынан тізесімен басып, есінен тандырған. Кейін ер адам ауруханада көз жұмған. Куәгерлер мұның бәрін бейнежазбаға түсіріп, желі арқылы жариялап жіберген. Осыдан соң тұтқындауға қатысқан 4 полицей қызметінен босатылды. Біреуі «абайсызда кісі өлтірді» деп айыпталуда. Шаһарда бірнеше күннен бері тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Ашуға мінген жұрт ғимараттарды өртеп, дүкендерді тонап жатыр. 50-ден аса ереуілші қамауға алынған. Қалада коменданттық сағат енгізілді. Ереуілді басу үшін өңірге Ұлттық гвардияның 500 жауынгері барды. Алдағы уақытта тағы мың сарбаз аттанады. Алайда жергілікті билік оның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін деп отыр. Қазір АҚШ әскери полициясының бірнеше бөлімшесі аймаққа атануға дайындалып жатыр. 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы