405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда бір тәулікте вирус 26 мың 928 адамға жұқты

  • 139
  • UPD: 22:02, 30.05.2020
Бразилияда бір тәулікте вирус 26 мың 928 адамға жұқты

Бразилияда соңғы тәулікте 27 мың адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдыңгүні ауру 26 мың тұрғыннан анықталған. Кеселдің осыншама жылдам тарауы ешбір елде болған жоқ. Қазір Бразилиядағы науқастардың жалпы саны 465 мыңнан асып жығылды. Соның 28 мыңға жуығы көз жұмған. Бақилық болғандар әсіресе Сан-Паулу штаты мен Рио-де-Жанейро қаласында көп тіркелді.

 

Хабар 24 телеарнасы