432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда жойқын жарылыстан екі тілші қаза тапты

  • 362
  • UPD: 11:06, 31.05.2020
Ауғанстанда жойқын жарылыстан екі тілші қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулдегі жойқын жарылыстан Khurshid TV арнасының екі тілшісі қаза тапты. Жарылғыш зат марқұмдар отырған автобусқа орнатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мохамед Рафи Рафик, Khurshid TV басшысы:

– Өкінішке орай лаңкестік әрекеттің нәтижесінде арнамыздың экономикалық шолушысы Мир Вахед Шах пен техникалық бөлімнің қызметкері Шафик Амири қаза тапты. Сонымен қатар тағы 6 тілшіміз түрлы жарақат алған.

Оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Елдегі атышулы Талибан мен өзге де лаңкестік топтар аймақтағы БАҚ өкілдерін жиі нысанаға алады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 2018 жылы 15 тілші көз жұмса, өткен жылы Khurshid TV арнасының 2 қызметкері қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы