418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда коронавирустың таралуы бәсеңдеді

  • 197
  • UPD: 15:25, 31.05.2020
Бельгияда коронавирустың таралуы бәсеңдеді

Жалпы індеттің өршуі басталғалы елде 58 мыңнан астам адам қауіпті дертке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал соңғы тәулікте вирус жұқтырғандардың қатары 125-ке, ал көз жұмғандардың саны 23 адамға артты. Бұл өткен күндермен салыстырғанда екі есеге кем көрсеткіш. Болжам бойынша, маусымның 8-інен бастап аймақта мейрамханалар ашылып, тұрғындарға ел ішінде қатынауға мүмкіндік болады. Бельгияның Ұлттық қауіпсіздік Кеңесі маусымның 3-і күні нақты шешім қабылдайтын айтады. Жалпы жергілікті биліктің талабы бойынша, өңірде ашылған қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелде 4 адамнан артық отырмау керек. Асханалар мен кафелер тек түнгі сағат 12-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Сондай-ақ бұндай жерде тамақтану үшін алдын ала тапсырыс беру арқылы және санитарлық талаптарды сақтай отырып қана кіруге болады.

Хабар 24 телеарнасы