417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда жұмыссыздар саны артуы мүмкін

  • 199
  • UPD: 15:25, 31.05.2020

Германияда коронавирустың кең етек жаюына байланысты жұмыссыздық деңгейі артуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер өткен жылы жұмыссыздар саны 2,2 млн-нан сәл асса, биыл пандемияның салдарынан бұл көрсеткіш тағы 500 мың адамға артуы мүмкін. Әсіресе даяшы, туристік компанияның қызметкерлері, ұшқыштар мен жолсеріктер бос қалуы мүмкін. Сарапшылар жергілікті биліктің көмегі болмаса нәпақасынан айырылған тұрғындардың саны әлде қайда көп болуы мүмкін еді дейді. Мәселен, Германия Үкімет карантин кезінде жұмыс істеген сағатына қарамастан әр қызметкерге жалақысының 60 пайызын төлеп тұрды. Биліктің мұндай көмегі көптеген кәсіпорынды банкроттан аман алып қалды.

Хубертус Хайль, Германияның еңбек және әлеуметтік істер министрі:

– Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің қатары артты. Алайда жергілікті биліктің көмегінсіз олардың саны бұдан да көп болар еді. Арнайы ойластырылған модель арқылы көптеген қызметкер толық емес жұмыс күніне көшті. Осылайша миллиондаған адамның жұмыс орны сақталды.

Десе де, Германияда кей мамандарға тапшылық байқалады. Мысалы елде әлі күнге дейін айти-мамандары жетіспейді. Инженерлер мен фармацевтика және химия саласының қызметкерлеріне де сұраныс артып барады. Сонымен қатар білікті дәрігерлер де аз.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы