412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде коронавирус жұқтырғандар саны 155 мың адамнан асты

  • 158
  • UPD: 19:56, 31.05.2020
Перуде коронавирус жұқтырғандар саны 155 мың адамнан асты

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте 7300 адамнан індет анықталған.

Қауіпті кесел, әсіресе, Перу астанасы Лимада дендеп тұр. Онда вирустан төрт мыңнан астам адам көз жұмған. 66 мың науқас айығып шықты. Перу басшысы Мартин Вискарра коронавирус жұқтырғандар санының артуын қалыпты құбылыс деп есептейді. Өйткені елде жаппай тестілеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы