405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың 25 қаласында коменданттық сағат енгізілді

  • 149
  • UPD: 20:22, 31.05.2020
АҚШ-тың 25 қаласында коменданттық сағат енгізілді

Қазір мұнда афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты толқулар басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт дүкен мен өзге де ғимараттарды қиратып, полиция учаскелері мен автокөліктерге от қойды. Кешегі ереуілде бір адам қаза тапқан. Лос-Анджелесте полиция жүздеген ереуілшіні тұтқындады. Нью-Йоркте 70 адам ұсталды. Ел бойынша барлығы 1400 адам түрмеге қамалған. Тәртіп сақшылары жұртты тарқату үшін резеңке оқ атып, көз жасаурататын газ қолдануда. Филадельфияда 13 полиция қызметкері жарақаттанған. АҚШ президенті Дональд Трамп Флойдтың өліміне көңіл айтып, «ереуілдерді қалайда тоқтатамын» деп уәде етті.

Айта кетейік, Миннеаполис қаласында бастау алған ереуілдерге полицияның афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындау кезінде көрсеткен қатыгездігі себеп. 47 жастағы Флойдты полицей тізесімен тұншықтырған кезде өліп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы