418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Dragon кемесі ғарыш станциясымен сәтті түйісті

  • 206
  • UPD: 13:47, 01.06.2020

Бүкіл әлем назар тіккен америкалық «СпейсЭкс» компаниясының «Драгон» ғарыш кемесі халықарлық ғарыш айлағымен сәтті түйісті. Америкалық ғарышкерлер Даг Херли мен Роберт Бенкен мінген кеме ғарыш айлағына еш қиындықсыз автоматты режимде қонды. Қос ғарышкер халықаралық станцияда бір айдан астам уақыт болуы мүмкін.

Даг Херли, НАСА ғарышкері:

- Бұл біз үшін үлкен мәртебе. АҚШ-тың ғарыш кемелерін ұшыруды қайта жандандыруы қуантарлық жағдай. Осы бір кешеннің бортында болғанымызды мақтан тұтамыз.

Еске сала кетейік, «Драгон» ғарыш кемесі өткен сенбі күні Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшырылды. Бұл АҚШ-тың 2011 жылдан бері ғарыш кемесін өз аумағынан алғаш аттандыруы. Жоба НАСА мен кәсіпкер Илон Масктың «СпейсЭкс» компаниясы арасындағы коммерциялық ұшырулар келісім-шарты негізінде жүзеге асырылды. Себебі 2011 жылдан бері НАСА Халықаралық станцияға өз ғарышкерлерін ресейлік «Союз» кемесі арқылы ұшырып келген.

Хабар 24 телеарнасы