405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тәртіпсіздіктер ушығып тұр

  • 180
  • UPD: 10:32, 01.06.2020
АҚШ-та тәртіпсіздіктер ушығып тұр

АҚШ-тың көптеген ірі қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктің басылар түрі жоқ.

Наразылық акция елдің 20-дан астам штатына лезде тарады. Ашуға бой алдырғандар афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімне қатысты істе әділдікті талап етеді. Булыққан жұрттың ереуілі тәртіп сақшыларымен қақтысқа ұласуда. Ереуіл болған жерлердің астан кестеңі шықты. Наразылар жолдағының бәрін жайпап, қиратып жатыр. Сауда орталықтары мен кеңселер өртенген. Толқулардың салдарынан өткен түнде 30 тәртіп сақшысы жарақат алып ауруханаға түсті. Қамауға алынғандар да бар.

Айта кетейік, Миннеаполис қаласында бастау алған ереуілдерге полицияның Джордж Флойдты тұтқындау кезінде көрсеткен қатыгездігі себеп. 47 жастағы афроамерикалық полицейдің қолынан қайтыс болды. Оқиғаға қатысқан 4 тәртіп сақшысының біреуі тұтқындалып, қалған үшеуі қызметінен босатылды.

Алина Полянских, тілші:

- Мен қара нәсілдімін. Сондықтан көшеге шығуға қорықпаймын. Бірақ өзгелерге сыртқа шығу қауіпті. Наразы халық әділдікті талап етіп отыр. Бастапқыда ереуіл бейбіт өткен еді. Ал енді олардың арасында қирату, тонау фактілері жиі тіркеліп жатыр. Қаранәсілділер мен тәртіп сақшыларының арасындағы текетірес ушығып барады. 

Қазір АҚШ-тың 40-тан астам қаласында коменданттық сағат енгізілді. Оның ішінде Лос Анджелес, Филадельфия мен Миннеаполис те бар. Бірақ халық биліктің талабына құлақ асқысы жоқ. Кейбіреулері қаруланып көшеге шығып жатыр. Миннеаполис билігі өңірге ұлттық гвардия сарбаздарын тартуда. Бұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері болмаған.

Хабар 24 телеарнасы