405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирусқа байланысты балалардың сыртқа шығуына тыйым салынды

  • 151
  • UPD: 10:47, 01.06.2020
Түркияда коронавирусқа байланысты балалардың сыртқа шығуына тыйым салынды

Түркияда коронавирусқа байланысты балалардың сыртқа шығуына тыйым салынған. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер аптасына 2 рет ғана үйіне жақын жердегі саябаққа бара алады. 

Сондай-ақ елде бүгіннен бастап, балабақшалардың жұмысы қайта жанданды. Осыған байланысты бақшаларға баратын балғындарға ғана сыртқа шығуға рұқсат. Ереже бұзғандардың ата-аналары айыппұл төлейді.

Айта кетейік, әзірше балалар мен жасөспірімдерге қатысты коменданттық сағат қашан аяқталатыны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы