412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда ішкі туризм жанданды

  • 164
  • UPD: 10:58, 01.06.2020
Өзбекстанда ішкі туризм жанданды

Өзбекстанда туристік маусым басталды. Ел билігі әзірге ішкі туризмді жандандырып жатыр.

Эпидемиологиялық ахуалы жақсы аймақтарда туроператорлар, турагенттіктер, мейманханалар мен мәдени орталықтардың жұмыстары қалпына келді. Олардың қызметі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізіледі. Қазір өзбектер шетелдік туристерді де кезең-кезеңімен қабылдауға қамдануда. Ол үшін эпидемиологиялық жағдайы жақсы елдердің тізімін құрап, кейін осы мемлекеттермен туристік байланысты қалпына келтіру жоспарланған. Өзбекстанға демалуға келетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазір әуежайлар мен вокзалдарда, қонақ үйлер мен туристік орындарда сақтық шаралары қолға алынып жатыр.

Шухрат Исакулов, туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет департаментінің басшысы:

- Біздің елде демалуды жоспарлаған туристерді ынталандыру үшін Үкімет біраз жеңілдіктер жасады. Мәселен, демалушылардың әуе және теміржол билеттерінің құнын субсидиялау көзделіп отыр. Атап айтқанда, билет бағасының 30 процентін қайтарамыз. Бірақ ол үшін Өзбекстанға келетін азаматтар 10 адамнан кем емес туристік топ болуы тиіс. Әрі мұнда олар 5 күннен артық түнеуі шарт.

Хабар 24 телеарнасы