432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания премьері елдегі ТЖ режимін ұзартуды сұрап отыр

  • 348
  • UPD: 13:40, 01.06.2020
Испания премьері елдегі ТЖ режимін ұзартуды сұрап отыр

Испания Премьер-министрі Педро Санчес коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдайды маусымның 21-іне дейін созуды сұрады.

Айтуынша, бұл елдегі карантинді соңғы рет ұзарту шарасы болмақ. Осы мерзімнен кейін билік азаматтардың еркін жүріп тұруына рұқсат беруді жоспарлап отыр. Себебі елде дертті жұқтырғандар мен қайтыс болғандар көрсеткіші едәуір төмендеген.

Айта кетейік, Испанияда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай наурыздың 14-і күні енгізілген еді.

Хабар 24 телеарнасы