418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында ішкі әуе рейстері қайта ашылды

  • 218
  • UPD: 13:40, 01.06.2020
Сауд Арабиясында ішкі әуе рейстері қайта ашылды

Қалыпты өмірге қайта оралып жатқан елдердің бірі Сауд Арабиясында ішкі әуе рейстер жанданды. Әзірге ұшақтар тек елдің 13 әуежайында ғана ұшып қона алады.

Осылайша карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдеп жатыр. Дүкендер мен сән салондары, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары да жұмысын қайта бастады. Меккеден басқа өңірлердегі мешіттер де ашылды. Айта кетейік, пандемия басталғалы Сауд Арабиясында 85 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. 503 науқас қауіпті вирустан қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы