405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр Дам де Пари шіркеуінің алаңы алапат өрттен кейін қайта ашылды

  • 107
  • UPD: 15:46, 01.06.2020

Парижде әйгілі Нотр-Дам-де-Пари шіркеуінің алаңы алапат өрттен кейін қайта ашылды. 

Бұл туралы қала мэрі өзінің твитердегі парақшасында хабарлады. Енді шаһар тұрғындары мен келген қонақтар шіркеудің әсемдігін қайта тамашалай алады. Естеріңізге салайық, өткен жылдың сәуірінде 850 жылдық тарихы бар ғимаратта алапат өрт шығып, едәуір зақымданған болатын. Ел президенті Эммануэль Макрон ғимарат 5 жылдың ішінде толық қалпына келеді деп уәде еткен еді. Пандемия кесірінен жөндеу жұмыстары бәсеңдегенімен жергілікті билік әзірге шіркеудің алаңын ашуды жөн көрді. 

Валери Лот, жергілікті тұрғын:

- Қобалжып тұрмын. Осы сәтті көп күттік. Үміттің оты жағлыды десем болады. Шіркеу алаңының ашылғанына өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы