405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде қырықтан астам зертхана вируске қарсы вакцинаны сынап жатыр

  • 143
  • UPD: 15:37, 01.06.2020
Әлемде қырықтан астам зертхана вируске қарсы вакцинаны сынап жатыр

Қытайдың Ухань провинциясында коронавирус індетінің пайда болғанына жарты жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында қауіпті вирус мұқым жұртқа жайылды.

Әлемнің көптеген елінде карантин режимі жарияланып , аты жаман ауру пандемияға айналды. Кей елдерде КОВИД-19 әлі де дендеп барады. Бүгінде ғалымдар індетке қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының хабарлауынша, ауруға қарсы дәріні шығару жолында әлемнің 40-қа жуық зертханасы жұмыс істеп жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес Қытайдың ЦанСино Байолоджикс зертханасында жасалған препарат алғашқы сынақтан сәтті өтті. Тест нәтижесі бойынша 28 күннің ішінде вакцина егілген адамдардың ағзасында вируске қарсы антиденелер ғана емес, осы аурудан қорғайтын Т-жасушалары да пайда болды. Оксфорд университетінің ғалымдары да оң нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде вакцина Ұлыбританияның мыңнан астам тұрғынына егілген. Мамандар еріктілердің санын 10 мыңға дейін жеткізуді көздейді.

Фрэнсис Коллинс, ғалым:

- Шілде айында жаппай екпе егу жұмыстарын бастауымыз мүмкін. Әзірге екі түрлі ванцина бар. Оған дейін тағы жаңа препараттардың пайда болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы