Ал Сальвадорда Аманда тропикалық дауылы ойран салды. Аймақта қатты желмен бірге нөсер жауын жауып тұр.
Табиғаттың тосын мінезі лай көшкініне ұласты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғи апаттан 7 адам опат болды. Толассыз жауған жауын салдарынан 900 баспана су астында қалды. Апаттан ең көп зардап шеккен Сан-Сальвадор қаласы. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Билік ел аумағы бойынша қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялап, 15 күнге төтенше жағдай режимін енгізді.