405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияға жұмыссыздық қаупі төніп тұр

  • 166
  • UPD: 17:37, 01.06.2020

Чехияда инфляция мен жұмыссыздық коронавирустан кейінгі басты мәселеге айналғалы тұр. Еуроодақта орташа инфляция 1 проценттен төмен болса, Чехияда бағалар 3 жарым процентке өскен. Салдарынан азық-түлік пен тұрмыстық техника және коммуналдық қызмет қымбаттаған.

Чехияда инфляцияның өсу себебінің бірі биліктің дүкендерді отандық өнімдерді сатуға бейімдеу туралы үкімі. Шешім қабылдана салысымен импортқа баға бірнеше есе қымбаттап, жүздеген компания жабылып қалды. Осылайша үкіметтің сауда секторын жандандырмақ болған әрекеті кәсіпкерлердің жағдайын ауырлатып, экономикалық дағдарысты тереңдете түскен.

Карел Крелов, экономист:

- Қазір Еуроодақтағы ең үлкен инфляция Чехияда. 3,3 процент. Одақ елдерінде керісінше инфляция төмендеп жатыр. Наурыз айында бұл көрсеткіш 1,2 процент болса, сәуірде ол 0,7 пайызды құрады. Тіпті 13 елде бағалар арзандаған. Ал бізде жылдық есеппен алсақ 6,5 процентке өскен. Жеміс-жидек 15 процентке, көкөніс 7 пайызға қымбаттаған.

Чехия экономикасы үшін тағы бір соққы көлік жасау саласына болуы ықтимал. Себебі карантин салдарынан алдағы айларда чех өнімдерінің Германияға экспорты төмендеуі мүмкін. Сарапшылар болса нарықта бағалардың өсуі әлі жалғасады дегенді айтады.

Алеш Флажак, қаржы сарапшысы:

-Алдағы айларда бағалар тағы өсіп, инфляцияның деңгейі 4 процентке жететін шығар. Үкімет азық-түлік бағасын төмендетуге күш салғанмен оларды ұзақ уақыт қолдан ұстап тұру мүмкін болмас.

Инфляциямен бірге жүретін жұмыссыздық мәселесі де Чехияны айналып өтпеді. Ең алдымен дағдарыс жекеменшік салаға кері әсерін тигізген. Кәсіпкерлердің 30 проценттен астамы банкротқа ұшырап, көптеген бизнесменнің табысы азайған. Сарапшылар жұмыссыздық қыркүйек айына дейін жалғасады дейді.

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы