418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения премьер-министрі отбасымен коронавирус жұқтырған

  • 200
  • UPD: 17:24, 01.06.2020
Армения премьер-министрі отбасымен коронавирус жұқтырған Коммерсант

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның туыстары коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы премьердің өзі фейсбукте тікелей эфирге шығып, хабарлады. Оның айтуынша, бұл ауруды ол жұмыс мәжілісі кезінде дастарханға су шөлмектерін қойған даяшыдан жұқтыруы мүмкін.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

– Отбасым түгел тест тапсырып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бәрімізде ауру белгілері білінбегенін айтқым келеді. Бір рет су құйылған шыныларды қолғап кимеген адамдар қойғанын байқап, ескерту жасаған едім. Алайда бұған дейін де солай жасап жүрген деп ойлаймын. Шыныларды қойған адамнан да коронавирус анықталды.

Енді Никол Пашинян осы ауруына байланысты Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне бармайды. Армения үкімет басшысы жұмыс үйінде оқшауланып, мүмкіндігінше қызметін жалғастыра беретінін хабарлады. Сондай-ақ премьер осы ауруды үкіметтің басқа мүшелеріне жұқтырмағанына үміт білдірді.

Хабар 24 телеарнасы