405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Толқуларға байланысты Трамп жерасты бункерге тығылды

  • 160
  • UPD: 17:25, 01.06.2020
Толқуларға байланысты Трамп жерасты бункерге тығылды pravda.com.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп жұмадан сенбіге қараған түні Ақ үй маңында болған тәртіпсіздіктерге байланысты жерасты бункеріне эвакуацияланды.

Бұл туралы The New York Times газеті жазды. Ал CCN-нің хабарлауынша, Трамп бункерде бір сағаттай болған. Қасында бірінші ханым Мелания Трамп пен Бэррон есімді ұлы болған көрінеді. Десе де, бұл ақпаратты президент әкімшілігі әзірге растамай отыр. The New York Times газетінің хабарлауынша, америка президенті бункерге Ақ үйге қауіп төнген жағдайда ғана тығылады. Соңғы рет АҚШ басшысы мұндай қадамға 2001 жылғы террорлық шабуыл кезінде барған. Сол кезде бункерге құрама штаттардың 43 президенті Джордж Буш пен вице-президент Дик Чейни түсіпті.

Айта кетейік, елдегі жаппай ереуілдің басталуына афроамерикалық Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуы түрткі болған еді. Жағдайдың ушығуына байланысты қазір 40-қа жуық қалада коменданттық режим енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы