412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия ханзадасы коронавирус жұқтырды

  • 167
  • UPD: 20:11, 01.06.2020
Бельгия ханзадасы коронавирус жұқтырды

Коронавирус әлемді алқымнан алып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала сақтанбай, ауруды өршітіп алған елдердің тізімінде қазір АҚШ бірінші тұр. Одан кейін Бразилия мен Ресей, төртінші болып Испания дертпен күресіп әлек. Осы Испанияда Бельгия ханзадасы Йоахим коронавирус жұқтырды. 28 жастағы тақ мұрагері Кордова қаласына тойға барған. Бұл індеттің жасқа да, кәріге де қарамайтынын көрсетіп отыр. Ал ханзада қатысқан той-думанға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. Мұнда 15 адамнан артық жиынға тыйым салынғанмен, 27 адам жиылған. Енді тәртіп бұзғандарға 10 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін. Ал тойшыл қауым карантинге жабылған.

Хабар 24 телеарнасы