405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда тегін азық-түлікке мұқтаж жандар саны артты

  • 122
  • UPD: 08:50, 02.06.2020
Испанияда тегін азық-түлікке мұқтаж жандар саны артты

Испанияда азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары шамамен 40%-ке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті коммерциялық емес ұйымдар осындай дерек келтіріп отыр. Олардың мәліметіне сүйенсек, қазір Испанияда тегін тамақ алуға тек әлеуметтік әлжуаз топ өкілдері ғана емес, жуырда жұмысбасты болған азаматтар да кезекке тұра бастаған.

«Халықтың мұндай әрекеті екі жылға созылуы мүмкін», - дейді ұйым өкілдері. Өйткені кей болжамдарға сәйкес, ел экономикасы пандемияның зардабынан толықтай айығу үшін осыншама уақыт қажет екен.

Хабар 24 телеарнасы