412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі туралы заң әзірленіп жатыр

  • 169
  • UPD: 13:12, 02.06.2020

Бірақ бұл бірқатар елдің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгтың автономдығын шектеген лауазымды тұлғаларға санкциялар салынатынын жеткізді.

Қытайдың мәселеге қатысты ресми ұстанымы қандай?

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

Қытайда Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі заңды дайындау туралы қарар қабылданды. Құжат сыртқы күштердің Гонконгтың ішкі істеріне араласуын реттеп, қажеттілік туындаса, арнайы аймақта орталық қауіпсіздік органдарының өкілдігін құруды қарастырады. Бірақ Бейжіңнің бұл шешімі жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Оның үстіне АҚШ егер аталған құжат қабылданатын болса, Гонконгтың автономдығы жойылатынын ескертті. Алайда, Бейжің мәселеге қатысты «Бір ел, екі жүйе» деген қағиданы ұстанатынын айтып, арнайы аймақтың қауіпсіздігі Қытайдың ішкі мәселесі екендігін жеткізді.

Чжао Лицзянь, Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қытай өзінің ұлттық егемендігі мен қауіпсіздігін және дамуын шешімді түрде қорғайтын болады. Біз бұл мәселеде «бір ел, екі жүйе» принципін ұстанамыз. Сыртқы күштердің Гонконгтың ішкі істеріне араласуына жол берілмейді. АҚШ-тың Қытайдың арнайы аймаққа қатысты ұлттық заңнамасына араласуы халықаралық құқықты бұзу және ол еш нәтиже бермесі анық.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

- Қытай бұл шаралар Гонконгта сыртқы күштердің қолдауымен наразылық шерулерінің жиілеуіне байланысты қабылданып жатқанын айтады. Бірақ заң Санган автономиясы мен шетелдік инвесторлардың құқықтарына еш әсер етпейді деп отыр. Орталық биліктің шешіміне Гонконг басшысы Кэрри Ламмен өзге де шенеуніктер, жергілікті жоғары оқу орындарының басшылары және 2 мыңнан астам танымал тұлғалар қолдауын білдірді. Ал Қаржы министрі Пол Чан АҚШ санкциясына қарамастан, Гонконг Азияның қаржы орталығы болып қала береді дегенді айтады.

Алайда, аймақта көптеген адам орталық үкіметтің шешіміне алаңдаушылық білдіріп отыр. Жергілікті тұрғындар заң сөз бостандығын шектеп, оппозициялық іс-әрекетті жазалауға ұласуы мүмкін деп қорқады. Тағы айта кететін жайт, Гонконгтағы наразылық шерулерінің тууына Қытай әнұранына қатысты заң жобасы түрткі болған. Егер ол қабыладанса, аймақта мемлекеттік рәмізге қарсы кез келген әрекет үшін 6500 доллар айыппұл салынып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы