418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ватиканда мұражайлар қайта ашыла бастады

  • 141
  • UPD: 14:25, 02.06.2020
Ватиканда мұражайлар қайта ашыла бастады

Ватиканда үш ай бойы жұмысы тұралап қалған мұражайлар қайта ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар келген әр адамның санитарлық талаптарды сақтауын жіті бақылап отырады. Ал, билетті онлайн сатып алу керек. Ашылу алдында мыңнан астам билет сатылған. Сарапшылар алдағы уақытта мұражай қонақтарының саны артуы тиіс деп отыр. Жоспарға сәйкес күніне 7 мың билет саудалануы керек екен.

Айта кетейік, пандемиядан бұрын Ватикан мұражайларына күніне 40 мыңға дейін саяхатшы келетін еді.

Хабар 24 телеарнасы