405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джо Байден полицияны реформалауға уәде берді

  • 126
  • UPD: 15:19, 02.06.2020
Джо Байден полицияны реформалауға уәде берді

АҚШ-та Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Джо Байден Делавэр қаласына барып, жергілікті қара нәсілді қауым көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда бұрынғы вице-президент алдағы сайлауда жеңіске жетіп, билік басына келетін болса, полицияны қадағалау кеңесін құратынын мәлімдеді. Сонымен қатар жуық арада өзінің экономикалық бағдарламасын жариялап, афроамерикалықтардың жағдайын жақсартуға күш салатынын жеткізді.

Джо Байден, президенттікке үміткер:

Мен сіздерге мынаны уәде еткім келеді. Біз елдің экономикасын қалпына келтіруді институционалдық құрылымдарды өзгерту арқылы жүзеге асыратын боламыз. Нәсілшілдікті жоюға күш саламыз. Бізге елде көп нәрсені өзгерту қажет.

Хабар 24 телеарнасы