418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда театрлар қыркүйекке дейін ашылмауы мүмкін

  • 170
  • UPD: 15:25, 02.06.2020
Португалияда театрлар қыркүйекке дейін ашылмауы мүмкін

Португалияда карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі басталып, театр мен кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, аталған орындардың көбі жұмыстарын қайта бастауға асығар емес. Себебі, індеттен көрермендер болмай ма деп қауіптенеді. Бұған қоса сала өкілдері биліктің дағдарысты еңсеруге жеткілікті дәржеде қаржылай қолдау көрсетпегінін айтып, шағымдануда. Сондықтан аталған орындардың көбі есіктерін тек қыркүйек айында ашуды жоспарлап отыр.

Клаудия Бельчиор, Дона Мария II театрының басшысы:

- Театрлар көрермендерге 2 себеппен толмай қалуы мүмкін. Тұрғындар үйден шығып, қалыпты өмірді қайта бастауға әлі де қорқады. Оның үстіне көп адамның табысы азайып, билет сатып алуға жағдайы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы