423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лас-Вегаста ереуілшілер атқан оқ полицейге тиді

  • 256
  • UPD: 17:58, 02.06.2020
Лас-Вегаста ереуілшілер атқан оқ полицейге тиді

АҚШ-тағы дүрбелең бәсеңсімей тұр. Бұл жолы Лас-Вегаста ереуілшілер полиция қызметкеріне оқ атқан. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қайғылы оқиға федералды сот ғимаратының маңында болған.

Атылған оқ офицердің басына тиіпті. Ізінше атыс болып, оқ ашқан күдікті де жарақат алады.

Айта кетейік, Миннеаполисте бастау алған наразылық акциясы бүгінде әлемнің бірқатар елінде өтіп жатыр. АҚШ-та ереуілшілердің қатарына полиция қызметкерлері де қосылған. Тәртіп сақшысының қолынан қаза тапқан Флойдтың ағасы болса, наразы жұртты сабырға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы