412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Афроамерикалықтың өлімі: «Black lives matter» қозғалысы әлем бойынша өтуде

  • 191
Афроамерикалықтың өлімі: «Black lives matter» қозғалысы әлем бойынша өтуде Star Tribune

АҚШ-та бірнеше күннен бері жалғасып жатқан ереуілдерді өзге мемлекеттер де қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қатарында Германия, Нидерланд, Жаңа Зеландия тұрғындары да бар. Батыс Австралия халқы да қозғалыстан тыс қалмады. Жүздеген адам афроамерикалық Джордж Флойдтың қатыгездікпен өлтірілгенін айтып, Миннеополис ереуілшілерін қолдауға шыққан. Ұйымдастырушылар бұл өзекті мәселені жаһан болып, бірге шешу керек дейді. Бұл елде акция бейбіт түрде өтті.

Джонни Гарлет, ереуілші:

– Ереуілге шығуымыздың себебі – бізді ешкім естімей отыр. Әлем бойынша осындай мәселелер қайталанып келеді. Сондағы біздің теріміздің түсіне байланысты. Бізге қауіп әкелетін де осы. Біл біздің табиғатымыз. Біз оны өзгерте алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы